оқушылардың мектепке бейімделу кезеңіндегі қиындықтарды анықтау.
Биылғы оқу жылындағы бірінші сыныпқа қабылданған балалардың оқуға деген мотивациясын, мектеп өміріне бейімделуін анықтау мақсатында қыркүйек, қазан айларында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың жаңа ортаға бейімделуі бақылау әдісі арқылы өтті.
Мектебімізде 2024-2025 оқу жылында барлық қазақ 1 сыныптарда 92 оқушы бар. Оқушылар мектеп қабырғасындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады. Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, күнделікті толтыруы жақсы жағдайда. 1 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылған.
Сынып жетекшілерінің сынып оқушыларымен қарым-қатынасы жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келеді, Сынып жетекшісі оқушылармен жеке, топпен, жалпылама жұмыс жасайды.
Сынып жетешілері сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасауда, оқушылар денсаулығын сақтау мақсатында күнде ертеңгілік жаттығу, сабақ барысында кемінде екі рет сергіту жаттығулары жүргізіледі. Ата-ана тарапынан үйдегі оқытуға қадағалу бар.
Йирасек-Керн тесті, сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы бірінші сыныпқа келген балалардың логикалық ойлауын, танымдық қабілеттерін, тіл байлығын, интеллект деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық зерттеу жұмысы жүргізілді.
Нәтижесінде 1 сыныптар бойынша 1«А» жоғары деңгей – 72%-ды, орта деңгей - 22%-ды, ал төмен деңгей - 4%-ды көрсетті. 1«Ә» жоғары деңгей – 10 %-ды, орташа деңгей-90%, төмен деңгей - 0 . 1«Б» сыныбында жоғары деңгей- 33%, орташа деңгей 57%-ды, төмен деңгей -10%. 1«В» сыныбында жоғары деңгей 52%-ды, орташа деңгей 42%-ды, төмен деңгей- 4%. Жалпы толык 1 сыныпта 36 бала жогары, 45 окушы орта жане 4 окушы томен корсеткиш корсетти. Биылғы оқу жылындағы келген балалардың жалпы мектепке дайындық деңгейі жақсы.
Мектептің оқу- тәрбие жұмыс жоспары бойынша қыркүйек айында бірінші сыныптардың бейімделуін бақылау мектеп психологы тарапынан жүргізілді. Оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды.
Ұсыныс: Мектеп ережесін барлық оқушылар сақтайды.
Ойын арқылы оқушылардың сабақққа деген қызығушылықтары мен белсенділігін ояту.
Оқушылардың мектепішілік тәртіп нормаларын ұстануын қадағалау.
Гиперактивті балаларға қосымша тапсырма беру.
5 сынып, бастауыш сыныптан орта буынға өту кейбір оқушыларда көптеген себептерге байланысты әр түрлі мәселелер туындатуы мүмкін (бір мұғалімнің бірнеше мұғаліммен ауысуы, жаңа мұғалімдердің пайда болуы, жаңа пәндер, әр мұғалім өзінің талаптары мен ережелерін қояды, өзге де талаптар және т.б.). Бұл білім деңгейіне, оқушылардың өзіндік психологиялық көңіл-күйіне және тұлғалық қарым-қатынасына әсер етеді. Біздің тарапымыздан жүргізілген психологиялық жұмыс түрі оқушылардың 5-сыныпқа бейімделуі,
мектеппен байланысты мазасыздануын анықтауға бағытталды.
5-сынып оқушыларымен төмендегідей бағытта жұмыс жүргізілді:
Оқушылардың сабақта және үзіліс уақытындағы іс-әрекетін бақылау.
Н.Лусканова «Мектептегі мотивация деңгейін анықтау» сауалнамасы
5-сыныптарда барлығы 79 оқушы бар.
5-сынып оқушыларының сабақтарына қатысып, үзіліс уақыттарындағы
іс-әрекеттері бақыланды. Оқушылардың басым бөлігі өздерін сабақта еркін сезіне біледі, мұғалімдермен қарым-қатынасы жақсы.
5-сынып оқушыларымен жүргізілген сауалнама нәтижесінде оқушылардың мектепке деген мотивация деңгейі анықталды. Мотивация деңгейі өте жоғары оқушылар 15%-ды, мотивациясы жоғары оқушылар 36%-ды, мотивация деңгейі орта оқушылар 33%-ды, мотивациясы төмен оқушылар 14%-ды көрсетті.
Нәтижесінде 5 сыныптар бойынша 5 «А» өте жоғары деңгей – 15%-ды, 1 окушы, жогары деңгей - 36%-ды, 14 окушы, ал орта деңгей - 14%-ды, 6 окушыны көрсетті. 5 «Ә» жоғары деңгей – 36 %-ды, 10 окушы, орта деңгей – 14%, 9 окушы. 5 «Б» сыныбында жоғары деңгей - 36%, 11 окушы, орташа деңгей 33%-ды, 9 окушы, төмен деңгей - 14%, 3 окушы. 5 «В» сыныбында жоғары деңгей 36%-ды, 5 окушы, орташа деңгей 33%-ды, 5 окушы, төмен деңгей - 14%, 6 окушы. Жалпы айтканда 5 сыныпта толык 1 окушы оте жогары, 40 окушы жогары, 29 окушы 29 жане де 9 окушы томен корсеткиш корсетти. Биринши токсандык натижесинде балалардың жалпы мектепке деген мотивация деңгейі жақсы.
Ұсыныс: Пән мұғалімдері жоғарыда аталған оқушыларды ескерген түрде балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.
Сынып жетекшілері балалардың мектепке деген қызығушылығын ояту мақсатында сынып сағаттарының өткізілуін жандандырып отыру.
Бастауыш мектептен ортаңғы буынға көшу балалықтың ең бір тұрақты даму кезеңінің аяқталуымен тұспа-тұс келеді.Тәжірибеден көріп жүргеніміздей, балалардың көбі бұл оқиғаны өмірдегі ең басты қадамы сияқты қабылдайды. Олар өздерінің «енді бұрынғыдай кішкентай» емес екендіктерін мақтаныш етеді. Олар өздерінің «есейгендерін» талаптары да, мінез-құлықтары да, қарым-қатынасы да әртүрлі мұғалімдердің пайда болуымен байланыстырады.Бастауыш мектептен ортаңғы буынға өту оқушының психикасына әсер ететін жүктеменің ұлғаюымен байланысты.Бейімделу кезеңінде бір балалар жасқаншақтап, үрейленіп жүретін болса, екінші біреулері шамадан тыс улап-шулап, жыбырлақ, тынымсыз болып кетеді. Олардың жұмыс қабілеті төмендеп, ұмытшақ, салдыр-салақ бола бастайды, ұйқылары бұзылып, тәбеттері тартпайды. Балалардың көпшілігінде бұндай ауытқушылықтар оқу басталғаннан кейінгі 1 ай немесе 1жарым ай уақыттан соң өте бастайды. Алайда кейбір балалардың бейімделуі 2-3 ай немесе одан да көпке созылады. Осы айтылғанға орай 5 сынып оқушыларының орта буынға икемделу ерекшеліктерін анықтау үшін зерттеу жүргізілді.
Негізгі зерттеуде Филипстің қобалжуды анықтауға арналған тесті пайдаланылды:
Алынған мәліметтер бойынша 5 сыныбында жоғары қобалжу деңгейі анықталмады.
Нәтижесінде сыныптың жалпы қобалжу, мазасыздық қалпының деңгейінін көрсеткіші орта пайызбен анықтағанда 5 «А» сыныбы 50 %, 5 «Ә» сыныбы 30 %, 5 «Б» сыныбы 30 %, 5 «В» сыныбы 40 % құрайды. Қобалжу көрсеткіштері мектептегі жалпы мазасыздық, әлеуметтік стрессті уайымдау, қажеттілікті өтеудегі сәтсіздік кедергілер, үрейдің көрінісі, білімді тексеру үстіндегі үрей, айналасы күткен нәтижеден үрейлену, мұғаліммен қарым қатынасындағы үрейлену мәселесі факторлар бойынша орта деңгей анықталды. Оқушылардың бойындағы жоғары деңгейдегі қобалжу сезімі байқалмады.
Ұсыныс: Сынып жетекшісі және пән мұғалімдерімен қосымша жұмыстар жүргізу.Мектеп психологы оқушылардың өз сезімдерін басқара алуға арналған тренингтер жүргізу. Кеңес беру. Көпшілік ортада өздерін еркін ұстауға үйрету.
Қорытынды: Оқушылардың оқуға деген мотивациясын, мектеп өміріне бейімделуін бақылау барысында анықталғаны мұғалімдер оқыту процесінде әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жасайды. Әр баламен жеке қарым-қатынас жасауға тырысады. Сондай-ақ, бірқатар мұғалімдер балалардың сыныпта еркін отыруына ықпал туғызады. Бұл әрекеттер балалардың бойында мектеп тәртібін қалыптастыруда біршама қиындықтар туындатуы мүмкін. Жалпы психологиялық қызметтің бақылауы бойынша, 1 және 5 сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуі бірқалыпты деңгейде жүріп жатыр.