Тәрбие жұмысы бойынша 2024-2025 оқу жылының І тоқсан есебі
2024-2025 оқу жылына аудандық жылдық жоспар жасалынып, бекітілген болатын. Сол жоспарға сүйене отырып «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» өзекті мәселесін басшылыққа ала отырып, ай сайыңғы тәрбие жұмысы жоспары жасалынады. Ұлттық құндылықтар бойынша ұйымдастырылған іс- шаралар жоспарға сәйкес өз уақытында өткізіліп отырды. Атап айтқанда, 1 қыркүйек білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті, 1 мен 11 сынып оқушыларының қатысуымен. Ал 2 қыркүйек күні «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы алғашқы бірыңғай сынып сағаттарын өтті.
Сынып сағаттың мақсаттары:
1. Білімге деген құндылықты қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылыс.
2. Белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру.
3. Өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау.
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күніне ӘБ жетекшілерімен бірігіп жоспар құрылды. "Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем" атты апталықта үш тілде сұрақтар қойылып викториналық ойын ұйымдастырылды, апта бойы тіл тақырыбына мәнерлеп өлеңдер оқу сайысы болды. Апта ішінде бастауыш сынып арасында "Тіл-қатынас құралы" тақырыбында сурет көрмесі мен нақыл сөздер көрмесі ұйымдастырылды, сонымен қатар диктант, эссе, әртүрлі интеллектуалды сайыстар мен байқаулар өткізілді. Солардың бірі «Мысалмен айтқан көп ойлар» атты Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары бойынша байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өміріне шолу жасай отырып, ақынның мысал өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру. Білім алушыларды шығармашылық ізденіске жетелеу. Мысал өлеңін оқуда ынтымақ-бірлік, көпшілдікке баулып, адамгершілік пен жақсылық, парасаттылық қасиеттерге тәрбиелеу. Қатысқан оқушылар жүлделі орындармен номинацияларға ие болды.
1-11 сынып жетекшілері "Тіл- тәрбие құралы, мәңгілік елдің ұраны" сынып сағаттарын өтткізді.
Отбасы күні мерекесіне орай мектеп психологтарымен бірлесіп бастауыш сыныптар арасында " Отбасы бақыт мекені" атты сабақ өткізілді. Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынасты нығайту, бір- бірімен ашық сөйлесіп, құндылықтарды қалыптастыра білу.
Жоспарға сәйкес жылда өткізетін «біздің мектеп буллинге қарсы» республикалық челленджге оқушыларымыз белсене қатысты.
Аудан мектебі болғандықтан біздің оқушылар аудандық мәдениет үйіндегі іс шараларға қатысады, аудандық кітапханамен, жастар рессурстық орталығымен жәнеАЛЖИР мұражайымен тығыз байланыста жұмыс істейміз.
«Қарттырым-асыл қазынам» демекші «Қарияға қол ұшын соз» жобасы аясында 1-қазан Қарттар күні 8-9 сынып оқушылары ауыл тұрғыны Валентина Николаевнаның үйіне барып, мерекемен құттықтай отыра, ауланы тазалап, жемістерді жинауға көмектесті.
3 қазан күні Ата аналарға арнап Ашық есік күні өтті. Мектеп ішінде экскурсия ұйымдастырылып, шағын концерт болды. Ата аналар жиналысымен жалғасты. Күн тәртібінде баланың қауіпсіздігі, оқуға деген ынтасы және әртұрлі сұрақтар қарастырылды.
Дублер күнінде өзін – өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен және адал еңбекті құрметтеу мақсатында жоғары сынып оқушылары бастауыш сыныптарға барып сабақ берді.
Ұстаздар күніне орай оқушылар барша ұстаздар қауымын төл мерекемен құттықтау мақсатында бейне құттықтаулар түсірді.
Музыка жетекшілерімен бірігіп Ұстаздар күніне арналған “Ұстазым” әнімен республикалық челленджге оқушыларды дайындадық. Мектеп мұғалімдеріне арналған "Ұстаз - ұлы тұлға" атты мерекелік концертті ұйымдастыруға ат салысқан музыка жетекшілері мен 11 сынып жетекшілері. Және 11сынып оқушылары белсенді қатысты.
Жоспарға сәйкес балалар әдебиетінің бәйтерегі тақырыбында Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай мектеп кітапханашыларымен бірігіп 1-4 сыныптар арасында "Ертегілер еліне саяхат" атты танымдық сабақ өтті.
Бастауыш сынып арасында сынып сағатының өзекті тақырыптардың бірі "Дұрыс тамақтану. – денсаулық кепілі".
Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру; 2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.
19 қазан Құтқарушылар күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Қонаққа 22-Өрт Сөндіру Бөлімінің құтқарушылары шақырылды: естеріңізде болса Ақмол ауылында Гагарина 10 үйде өрт болды. Сол өртті сөндіруге, адамдардың өмірін сақтап қалуға қатысқан құтқарушылар қонақта болды.
Концерт барысында құтқарушылардың күнделікті ерлігі жайлы бейнеролик көрсетіліп, қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, құтқарушы жұмысының маңыздылығы мен ерлік пен Отаншылдықты қазірден бастап бойларына сіңіргені дұрыс екенін түсіндірді.
мектеп Президентін сайлау өтті, жаңадан өзін өзі басқару ұйымы тағайындалды. "Төрт тоқсан - төрт өнер" жобасы аясында "Ақындар айтысы" өтті. Қыздардың қатысуымен "Бұрымды қыз" челленджі ұйымдастырылды. Жүректен жүрекке жобасы аясында 5-6 сыныптар арасында "Күзгі асар" қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Осы жәрмеңкеге қатысқан сынып ж мен оқушылардың ата аналарына мың алғыс. Себебі жиналған қаражат мектебімізде оқитын мұқтаж оқушылардың отбасыларына көмек ретінде беріледі. Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге мың еселеніп қайтсын. Рахмет.
Республика күні «Көк тудың желбірегені» 25 – қазан Республика күніне орай «Ұрпаққа аманат жобасы» аясында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады. Елдігімізді нығайтатын ұлттық мереке-Республика күніне арнар оқушылар құттықтаулар түсірді.
Кітапханада кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. 24 – қазан барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету және туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Сонымен қатар сынып жетекшілер күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік туралы айтты.
Мереке Мәңгілік жаса, қыран елім!" атты мерекелік концертпен жалғасты.
Сонымен қатар әр айда қыздар, ұлдар жиналыстары, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер инспекторымен кездесу жоспарланады.
Емханадан арнайы мамандар келіп 8-11 сыныптар арасында қыздармен профилактикалық жиналыс өткізді. Қыздардың гигиенасы, тазалығы туралы дәріс оқыды
Жоспарға сәйкес 6-7 сынып оқушылары арасында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор Балғожина Аида Манатаевна профилактикалық жұмыс жүргізді.
Талқылау тақырыптары:
1.Скутер / мотоциклдегі Қауіпсіздік : жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.
2.Буллингтің алдын алу және оларға жауап беру жолдары талқыланды.
3.Құқықбұзушылық жайлы тақырып қозғалды.
Аудандық кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер инспекторының қатысуымен үнемі профилактика Кеңесінің отырыстарын ұйымдастыру керек. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары барысында аз қамтылған отбасы категориясындағы балалардың үй жағдайы анықтау үшін, ата-аналармен профилактикалық әңгімелесулерді өткізу үшін. Жайсыз отбасылардан шыққан оқушыларға үнемі бақылауда ұстау үшін қажет.
Осындай профилактикалық жұмыс пайдалы және ақпараттандырылған, бұл оқушылар арасында хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Тоқсан бойы атқарылған іс шаралар мектеп инстаграмм парақшасымен мектеп сайтында жарияланып тұрады.
Осы атқарылған іс шаралардың барлығы «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсатына жету, яғни оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу болып келеді. Екінші тоқсанда да жоспарға сәйкес ұйымдастырылған іс шараларға белсене қатысуларыңызды сұраймыз .