«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Школа-гимназия села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Олимпиадалар

Ең алғашқысы, Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі қыркүйек айының 25-28 күндері өткізілді. Мектепішілік кезеңге 50 оқушы қатысып, аудандық кезеңге өтті. Аудандық кезең 9-11 қазан аралығында өткізіліп, облыстық кезеңге жалпы 4 оқушы (қазақстан тарихынан-2, химия-1, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен – 1 өтті. Облыстық кезең 29 қазан мен 2 қараша аралығында Көкшетау қаласында өткізіледі.

3-4 жане 5-6 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңіне 3-4 сынып оқушыларынан 29 оқушы, 5-6 сынып оқушыларынан 23 оқушы қатысты. Аудандық кезеңге олимпиада ережесіне сәйкес 3-4 сынып оқушыларынан 3-3 оқушыдан, жалпы 6 оқушы, 5-6 сынып оқушыларынан 6 оқушы, жалпы 12 оқушы өтті. Аудандық кезең 3-4 сыныптар үшін 15 қараша, 5-6  сынып оқушылары үшін 8 қараша өтеді. Дайындық шараларын күшейтіңіздер!

Математикадан 10-11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» олимпиадасының мектепішілік кезеңі 16 қазанда өткізілді, жалпы 4 оқушы қатысып, 4 оқушы да аудандық кезеңге жолдама алды. Аудандық кезең 29 қарашаға жоспарланып отыр.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне математика пәнінен «Алтын тұғыр» олимпиадасы өткізу қараша айының 1-күні Талапкер ауылының мектеп‑гимназиясында өткізіледі. Мектептен 12 мұғалім қатысады. Мұғалімдерімізге сәттілік!

Ақылы олимпиадалар бойынша: «Абай» пәндік олимпадасынан 384 мен «Жүзден жүйрік» олимпиадасына 110, жалпы 494 оқушы тіркелді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі қараша айының І-ші онкүндігіне жоспарланып отыр. Оқушыларды дайындаймыз. Еске саламын, бір оқушы тек бір пәннен қатысуы керек. Олимпиада екі бағыттағы пәндер бойынша өтеді:

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

  1. Қазақстан тарихы
  2. Қазақ тілі мен әдебиеті
  3. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі
  4. Орыс тілі мен әдебиеті
  5. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі
  6. Ағылшын тілі

 

Жаратылыстану-математикалық бағыт

  1. Математика
  2. Информатика
  3. География
  4. Физика
  5. Химия
  6. Биология

 

Жаңартылған күні: 29.10.2024 12:51
Құрылған күні: 29.10.2024 12:51

Текст