«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Школа-гимназия села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бүгін Целиноград ауданындағы Ақмол ауылында тағы бір білім ұйымы есігін айқара ашты. Ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты. Мектеп ауысымына 1200 бала қабылдай алады. Мұнда 93 кабинет, оның ішінде 4 информатика кабинеті, 7 мамандандырылған кабинет, 2 спорт залы, асхана, кітапхана, хореография кабинеттері бар. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мектептің ашылуымен құттықтап, жаңа оқу жылында облыста 5 мектеп ашылғанын, оның төртеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынғанын атап өтті. Оқушылар мен ұстаздар алдында сөз сөйлеген Білім министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының білім сапасын арттыру, қала мен ауыл мектептерінің айырмашылығын теңестірудегі маңыздылығын атап өтті.

02.10.2024
Просмотров: 25


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст