📢Құрметті ата-аналар!
👩🏻💼🧑🏻💼Бірыңғай мектеп формасы бекітілді
Ата-ана мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдай алады. Бастысы, негізгі ережеге сәйкес болуы керек⤵️
❗Бірінші кезекте киім классикалық стильде тігілген болуы шарт және сатып алынған форма төменде жазылған талаптарға сәйкес келуі керек.
✅Мектеп формасының түсі – қою көк.
✅Мектеп формасының стилі классикалық стильде жасалған.
✅Ұлдарға арналған мектеп формасы келесіні қамтиды:
пиджак, жилет, шалбар, ақ салтанатты жейде, күнделікті ақ жейде.
Ұлдарға арналған шалбар еркін кесілген және ұзындығы бойынша аяқтың тобығын жабу қажет.
✅Қыздарға арналған мектеп формасы келесіні қамтиды:
пиджак, көкірекше, юбка, ақ блузка, сарафан (суық мезгілде: тоқылған көкірекше).
✅ Мектеп формасына түрлі конфессиялардың діни киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.
✅Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарларды киюге болмайды.
❌Мектеп формасына түрлі конфессиялардың, діни киім элементтеріне жол берілмейді.