Бекітемін:
«Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы» КММ
директорының м.а. Аппасов С.Б.
«Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
5-8 гимназиялық сыныптарына оқушыларды қабылдау туралы
ЕРЕЖЕ
1-бөлім. Жалпы ережелер.
1.1. «Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 5-8 гимназиялық сыныптарына оқушыларды қабылдау туралы осы ереже (бұдан әрі- ереже) мынадай нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде әзірленді:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;
- «Бала құқығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (8 тамыз 2002 жыл №345);
- Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 тамыздағы №248 қаулысына өзгеріс енгізу туралы жарлығы;
- 16.08.2017 жылғы №611 «Балалар мен жасөспірімдерге тәрбие мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелер;
- «Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы» КММ Жарғысы;
1.2. Ереженің мақсаттары:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
- Құжаттарды қабылдауға ұсыну мерзімдері мен шарттарын және оқу сыныптарын қалыптастыру тәртібін белгілеу.
1.3 Оқушыларды 5-8 гимназиялық сыныпқа қабылдауды уақтылы әрі сапалы, жауапкершілікпен жүзеге асырып ұйымдастыру гимназия директорына жүктеледі.
2-бөлім. Қабылдау іс-шараларын ұйымдастыру
2.1. Гимназия сыныптарына оқушыларды іріктеуді жүзеге асыру үшін «Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы» КММ директорының бұйрығымен қабылдау комиссиясы құрылады.
Қабылдау комиссиясының құрамына гимназия директоры, оқу-тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары, пән мұғалімдері, психолог кіреді.
Қабылдау комиссиясының төрағасы гимназия директоры болып табылады.
2.2. Мектеп сайтына гимназия сыныптарына қабылдау туралы Ереже мен хабарландыру салынады.
2.3 Тестілеу сұрақтары білім бөлімінен алынады.
3 бөлім. Тестілеу емтиханына құжаттар қабылдаудың тәртібі мен мерзімдері
3.1. 5-8 гимназиялық сыныпқа балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 5 тамызынан бастап 16 тамызы аралығында жүргізіледі. Өтінішті «өте жақсы» және «жақсы» оқитын оқушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жаза алады. 1-қосымша
Өтініштерді қабылдау жұмыс күндері 09.00-13.00, 14.00-18.00 аралғында қабылданады. Өтініштерді қабылдайтын мекен-жай: Гагарина к. № 1а «Ақмол ауылының ЖОББМ» КММ.
3.2. Балаларды гимназия сыныбына қабылдау үшін ағымдағы жылдың 20-23 тамыз күндері тестілеу емтихандары өткізіледі.
3.3. Гимназия сыныптарына түсушілерге арналған тестілеу:
5-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 40 сұрақтан тұрады:
математикалық сауаттылық 20 сұрақ;
оқу сауаттылығы 20 сұрақ.
6-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 60 сұрақтан тұрады:
Қазақстан тарихы 20 сұрақ;
математикалық сауаттылық 20 сұрақ
оқу сауаттылығы 20 сұрақ.
7-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:
Қазақстан тарихы 25 сұрақ;
математикалық сауаттылық 25 сұрақ
оқу сауаттылығы 25 сұрақ.
8-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 85 сұрақтан тұрады:
Қазақстан тарихы 25 сұрақ;
математикалық сауаттылық 30 сұрақ
оқу сауаттылығы 30 сұрақ.
3.4. Тестілеуге бөлінген уақыт:
5-сыныпта 60 минут
6-сыныпта 90 минут
7- сыныпта 120 минут
8-сыныпта 150 минут
(тест материалдарын тарату, Жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарының уақыты көрсетілген уақытқа кірмейді).
3.4. Тестілеу нәтижесі:
Гимназия сыныбына қабылдау тестілеудің нәтижесіне байланысты шешіледі. Үміткер жалпы сұрақтың 80% жауап беруге тиісті.
3.5. Тестілеу нәтижелері хаттамамен рәсімделіп, ата-аналарға (заңды өкілдерге) таныстырылады.
3.6. Білім беру ұйымы гимназия сыныптарына қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылдың 26 тамызынан кейін шығарады. Гимназия сыныптарына қабылданған оқушылардың ата-аналарына хабарлама жіберіледі.
3.7. Сыныптағы оқушы саны 25 оқушыны құрайды.
4-бөлім. Ата-аналармен (заңдыөкілдермен) жұмыс
4.1. Тестілеуге тіркеу жүргізу кезінде ата-аналарды (заңдыөкілдерді) осы Ережемен
таныстыру.
5-бөлім. Осы Ереженің орындалуын бақылау
5.1. Балалармен тестілеу өткізу, сыныптарды қалыптастыру жауапкершілігі гимназияның келесі мамандарына жүктеледі: пән мұғалімдері, мектеп психологы, медицина
қызметкері.
5.2. Гимназия сыныптарына қабылдау мен қалыптастыруды бақылау мектеп-гимназияның оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарына жүктеледі.
1-қосымша
Өтініш
Менің балам _________________________________________
(Т.А.Ә. (болғанжағдайда)
_____________________________________________________
(елдімекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)
_____________________________________________________
Тіркелген мекен жайы бойынша
_____________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
---------------- гимназия сыныбына қабылдауды сұраймын.
(сынып)
_______________ "___" ________ 20__ жыл
(қолы)