Текст
Бүгінгі 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні мерекесі құтты болсын!
Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба, Әнұран — біздің елдігіміздің, ұлттық болмысымыздың, тәуелсіздігіміздің айқын бейнесі.
Олар — өткенімізді ұлықтап, болашағымызға бағдар беретін қастерлі құндылықтар.
🏕 Бүгін лагерьде демалып жатқан балаларымыз да осы күннің маңызын сезініп, Рәміздер күнін ерекше ықыласпен қарсы алды.
Қастерлі рәміздеріміз жас ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталсын!