Текст
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында “Адал ұрпақ” жобасы аясында "Қоғамдық жұмыс - болашақ көшбасшыны тәрбиелеудің басты құралы ма?" тақырыбында дебат сайысы өтті. Іс-шараға Ішкі саясат бөлімінің басшысы Байдильдина Жанар Еркеновна, "Asem alem" қоғамдық бірлестіктің директоры Дюсенова Аселя Алпысбаевна, "Заман" дебат клубының жетекшісі Батырғали Парасат Балтабайқызы қатысты. Шара барысында дебат қатысушыларына ақшалай сыйлық беріліп, "Адал ұрпақ" бірлестігі мүшелеріне төсбелгі тағылды.