Текст
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында “Жас ұрпақ” облыстық қоғамдық бірлестгімен «Болашағым – әділ елде!» атты интерактивті құқықтық квест сайысы өтті. Іс-шараға Целиноград ауданы прокуратурасынын прокуроры Тұяқ Бақытжан Нұрболұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Туребаев Алмас Сәкенұлы қатысты.
Мақсаты: Балаларды әлеуметтік белсенділікке тарту, әділдік пен патриотизм құндылықтарын насихаттау, құқықтық мәдениетті арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру, командалық жұмысқа баулу.