«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Школа-гимназия села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығы және тарих пәнін оқыту ерекшеліктері” тақырыбында аудандық семинар

25.04.2025

Ағымдағы оқу жылының 2025 жылдың 25 сәуір күні “Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі” КММ 2024-2025 оқу жылына арналған негізгі іс- шаралар жоспарына сәйкес Ақмол ауылының мектеп- гимназиясында “Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығы және тарих пәнін оқыту ерекшеліктері” тақырыбында аудандық семинар өтті.
Тұрар Рысқұловтың өмірі мен ғылыми ізденістерін, келешек ұрпаққа қалдырған мұрасын жан-жақты зерттеп, жаңа қырынан тануға мол мүмкіндік беретін іс-шарада тарихшылар мен Целиноград аудандық  білім бөлімінің әдіскері Қорғанбеков Е.С, аудандық тарих бірлестігінің жетекшісі Нұрахмет Айнагүл Кәдірханқызы, Целиноград ауданының « Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ – нің бас маманы Хамитова Бахит Назымбекқызы, 
«АЛЖИР» мұражайының көрме және экспозиция бөлімінің маманы Жалғасова Бекжамал Шәрібековна қатысты. Семинар барысында аудандық тарих пәні мұғалімдеріне Алғыс хат және сертификат табысталды.

Просмотров: 34


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст