Текст
⚜️"Ақмол ауылының мектеп-гимназия " КММ
23 Сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылған іс-шара.
Мақсаты:
Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Адамзаттың мәдени және әлеуметтік өрлеуіне үлес қосқан авторларды құрметтеу, есімдерін ұлықтау.
Іс-шара барысында мектебіміздің директоры Байболатова Майра Қауашқызы құттықтау сөз айтып, кітапты көп оқыған ұстаздарымыз Тасыбай А., Тастимирова Г.А., Бустанов Ж.М., өздерінің оқыған кітаптарын қызықтыра отырып пікір алмасты. Сонымен қатар оқушылар да өз оқыған кітаптарын айтып, пікір бөлісті.