КММ «Акмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының мектеп гимназиясында» ІІІ тоқсан ақпан айының жоспарына сәйкес Целиноград ауданының КПП Аға жедел уәкілі полиция майоры Капаров Ж.Т. және Целиноград ауданының КПП жедел уәкілі полиция капитаны Рсалиева Ж.А. және тәрбие ісінің орынбасары Туленбекова Ш.К. 9,10,11 сынып оқушылармен кездесу өткізіп, әңгіме жүргізді.
Әңгіме барысында келесі мәселелерді қарастырды:
1. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан жақты меңгерту.
2. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
3. Нашақорлықтың алдын алу.
4. Буллинг алдын алу
5. Интернет алаяқтық