«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Школа-гимназия села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмол ауылындағы мектеп-гимназияда ESEN Foundation, ANSA қоры және «Аманат» партиясының бірлескен жұмысы нәтижесінде Baquatty Audan бастамасы аясында маңызды іс-шара ұйымдастырылды.

10.01.2025

Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында Baquatty Audan бастамасы аясында іс-шара өтті.

Ақмол ауылындағы мектеп-гимназияда ESEN Foundation, ANSA қоры және «Аманат» партиясының бірлескен жұмысы нәтижесінде Baquatty Audan бастамасы аясында маңызды іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара бағдарламасы аясында танымал спикерлердің дәрістері мен пікірталас сессиялары өтті:
• Шамшидинова Күлаш Ноғатайқызы қатысушыларға білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдары туралы дәріс оқыды.
• Ескендір Бестай «Үйренуді үйрену: Ми қалай жұмыс істейді?» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, ми жұмысының механизмдері мен тиімді оқу әдістері туралы құнды ақпараттармен бөлісті.
• Жігер Телюканов «Даму үшін бір ғана машық керек болса, қайсысы болар еді?» деген тақырыпта өзінің көзқарастарын ұсынды. Ол жеке дамудың маңызды аспектілері туралы шабыттандыратын ойлар айтты.
• Мәлік Байзақов «Нейросети мозга, методы обучения» тақырыбында заманауи ғылым жетістіктері мен оқытудың инновациялық тәсілдері туралы терең талдау жасады.

Baquatty Audan бастамасы бойынша Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында аудан педагогтеріне арналған семинарлар, іс-шаралар мен пікірталастар ұйымдастыру мақсатында коворкинг орталығы ашылғаны жайлы хабардар етті.

Бұл іс-шара аудан педагогтерінің білімін арттыруға, жаңа дағдылар мен заманауи технологияларды меңгеруге бағытталған маңызды қадам болды.

Просмотров: 28


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст