3 қаңтар күні «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көрді. Сұхбатта әртүрлі қолға алынып жатқан істер жайлы сөз қозғалды.
Соның бірі - Қазақстан мемлекетін “Әлеуметтік мемлекет” деп атауы. Еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген мектеп, балабақша, ауруханалар салынуы бізді қуантады.
“Таза Қазақстан” акциясы жөнінде де атап өтті. Акцияны кеңінен қолдаған еліміздің жастарына Президентіміз ризашылығын білдірді.
Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі ең ірі цифрлы хабтың бірі бола алатынын да атап өтті. Қазіргі таңда жасанды интеллект өте қарқынды дамып, жұрттың өмір туралы ұғымын, тіпті тұрмыс-тіршілігін де түбегейлі өзгертуі ықтимал. Дегенмен де, мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жасанды интеллект технологияларын қолдана білуді үйрету маңызды екендігін өз тарапымыздан қолдаймыз.
“Қазақ тілінің қолданылу аясы кеңейіп, оған деген сұраныс артып келеді” деді Президент. Бұл үрдісті дамыту үшін білім беру жүйесін жетілдіру, қазақ тілінде сапалы контент жасау, цифрлық технологияларды қолдану және бизнесте тілді кеңінен пайдалану маңызды. Сонымен қатар, шетелдіктердің тілімізге қызығушылығын арттыру және халықаралық деңгейде қазақ тілінің беделін көтеру қажет. Қазақ тілі – ұлтты біріктіретін және болашағы жарқын мемлекеттік тіл.
Қазақстан жастарының өзін-өзі дамытуына барлық мүмкіндік жасалғанымен, кейбірі құмар ойын, есірткі және әлеуметтік желіге тәуелді болып, уақытты босқа өткізіп жүргенін айтты. Жастарды жан-жақты дамыған, жауапкершілігі жоғары азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға тәртіп, білімпаздық, еңбекқорлық және сындарлы ойлау қабілетін дарыту қажет. Мемлекет жастар үшін реформалар жүргізіп, жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру және еңбекке баулу бағытында шаралар қабылдап жатыр. Бұл – жастардың қоғамда және экономикада маңызды рөл атқаруын қамтамасыз етудің жолы деп сенеміз.