КММ «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының мектеп – гимназиясында» ІІ тоқсан қараша айының жоспарына сәйкес учаскелік инспектор 9-11 сынып оқушылармен кездесу өткізіп, әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында учаскелік инспектор ЮПТ УПТ полиция аға лейтенанты Кашкенов Мұхтар Жусупович келесі мәселелерді қарастырды: Жол қауіпсіздігі, яғни помед, скутерлердің жүру ережелері. Көшедегі тәртіп ережесі, түңгі уақытта кәмелет жасқа толмағандар заңды өкілдерінің қарауынсыз жүре алмайтынын, құқық бұзушылық , тәртіп, төбелес, мектепшілік бақылау. Учаскелік полиция уәкілі тек заңдарға тоқталып қана қоймай, жасалған құқық бұзушылықтардың салдары қандай болатынын мысалдармен келтірді. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін оқушыларға аталған құқықтық тақырып бойынша бейнебаяндар көрсетілді.